Өз-өзіне қол жұмсау факторланын себептері және алдын алу, суицидтік мінез құлықты болдырмау
10 қыркүйек күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Айдарбек Ақтоты Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері арасында өз-өзіне қол жұмсау факторланын себептері және алдын алу, суицидтік мінез құлықты болдырмау мақсатында семинар-кеңес өткізді. Депрессияның алдын алу шаралары бойынша тұлғаның өзіне көңіл бөлуі, өз-өзіне деген құрметпен қараған жағдайда депрессияның алдын алуға болатынын, өздерін жақсы көруге, жақсы нәрселерді ойлауға бейімделу керектігін түсіндіріп, оған шалдыққан адамдарға немесе осыған бейім жандарға алғашқы көмек туралы толық мағұлмат берді.
Шара барысында қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға психолог маман жауап берді.