Тараз қаласы № 1 орта мектепте Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Ниязалиева Айнур Асқарқызы «Өмір ғажап бекерге тәуекелге барма» тақырыбында жоспарға сай онлайн дәріс өткізді. Зиянды заттарды қолданбау және алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру әр адамның өз жауаптылығында. Осы түсінікті насихаттау мақсатында өз ойларын ортаға салып, оқушыларды салауатты өмір салтын жүргізуге және ғасыр дерті болып табылатын есірткіге мүлдем жоламауға шақырды. Жиында бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың сауалдарына жауап берілді.