Абай атындағы Жамбыл Жоғары гуманитарлық колледжінде дәріс.
Тараз қаласы білім бөлімінің Абай атындағы Жоғары гуманитарлық колледжде Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Л. Д. Омарова білімгерлер арасында «7-сәуір Денсаулық күні.Салауатты өмір салты сәнді!Алкогольдің, темекінің, есірткінің жасөспірімдер ағзасына әсері» тақырыбында жоспарға сай дәріс өткізді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын, есірткі заттарын тұтынудың алдын алу бойынша ақпараттық – коммуникациялық материал (парақшалар, буклеттер) таратылды.