«Ақылмандар кеңесі» бірлестігі мүшесінің қатысуымен психикалық денсаулық орталығы қызметкерлерінің кеңесі.
2024 жылдың 20 наурызында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақылмандар кеңесі» бірлестігінің мүшесі Төленбек Қамбарбекұлы Сауырбаев қатысқан 2023 жылдың қорытындысы бойынша психикалық денсаулық орталығы қызметкерлерінің облыстық кеңесі өтті.
Бас дәрігердің медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасарлары Г.А. Кәрімова, медициналық бөлім бойынша – И. А. Мамедова, стратегиялық даму бойынша– Э. А. Дәулетжанова, экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету бойынша-А. А. Әлімбекова, персоналды басқару қызметінің басшысы-А. А. Бекмурзина және бөлімше меңгерушілерінің есептері тыңдалды. 2024 жылы медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және бірқатар мәселелерді шешуде ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту бойынша белгіленген іс-шараларды іске асыру бойынша жан-жақты әңгіме өтті.