Балаларды мектепке даярлаймыз
Тараз қалалық маслихатының депутаты, «Сенім» бастауыш партия ұйымының төрағасы Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев «Nur Otan» партиясының «Балаларды мектепке даярлаймыз» атты Республикалық қайырымдылық акциясы аясында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы қызметкерлерінің алғаш мектеп табалдырғын аттағалы отырған балаларына оқу құралдарын табыс етті.
Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты. Бүгін балғын балаларымыз білім ордасына алғаш аяқ аттап басса, күні ертең өз еңбектерінің арқасында отбасыларының мәртебесін арттырып, мемлекеттің жаңаруына, күшейуіне өз білімдері мен күш-қайраттарын аянбай жұмсайды деп сенеміз.
Жиында бас дәрігер бүлдіршіндерді алғашқы қадамдарымен құттыктап, балаларға күш-жігер, шабыт және табандылық тіледі. Барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолдары ашық, егеменді еліміздің білікті азаматы болып өседі деген сеніммен ізгі тілегін білдірді.