Балаларды қорғау күні!
Бүгін, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының балалар бөлімшесінде емделіп жатқан балаларға арналған ерекше мереке ұйымдастырылды, балалар керемет ертегі еліндегі көріністерге қатысып, сыйлықтар алып, балмұздақтан ауыз тиді.
Көрініске тек балалар ғана емес, Орталықтың қызметкерлері де қатысты. Бас дәрігер С.Д. Жетібаевқа ең қызықты рөл бұйырды – балалардың сиқырлы таяқшаға қойған тілектерін орындау. Тек соңғы тілек орындалған кезде – текшелерді балмұздаққа айналдыру және де өте маңызды шарт – баяу тамақтану.
Соңында Серік Дүйсенәліұлы балалар мен ата-аналарға алғысын білдірді.
«Біз жыл сайын бұл күнді балалар үшін ерекше күн етуге тырысамыз, – деді ол, – балалардың әлемі өте нәзік, жақсылыққа өте сезімтал, ал осы жылулық пен жақсылықты сезініп өскен бала, болашақта жақсылық жасауға әрдайым құштар болады».
Орталықта ерекше бала тәрбиелеп отырған қызметкерлер де назардан тыс қалмады, барлық 13 бала әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының атынан шақырту алып, сыйлықтар берілді, ата-аналарға ақшалай көмек көрсетілді.