Балалар мен жасөспірімдер арасында суицидің алдын алу
Тараз қаласының №25 орта мектебінде Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр дәрігері Батиш Д.Б «Балалар мен жасөспірімдер арасында суицидің алдын алу» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Суицид – қатты қажыған, шарасыздықтан немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жасөспірім ұл-қыздардың арасында кездеседі. Көктем мезгілі жасөспірімдердің күйзеліске ұшырап, суицид көп орын алатын кезі. Сондықтан оқушыларға суицидтің алдын алу үшін қандай шаралар жүргізу керек, мәселені шешу жолдары туралы толық ақпарат берілді.
Дәріс соңында оқушыларға бейнеролик көрсетілді.