Бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.
КӘСІПОРЫННЫҢ АТАУЫ: «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ленин көшесі, үй 99.
КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ:
мамандандырылған психиатриялық, наркологиялық медициналық көмек көрсету, психикалық бұзылушылықпен зардап шегетін тұлғаларға мамандандырылған кәсіби білікті емдеу–диагностикалау, консультативті, профилактикалық көмек көрсету, медициналық-әлеуметтік (соның ішінде жасырын түрде емделу) және әлеуметтік–еңбекті оңалту, сондай-ақ шектеулі психикалық бұзылушылықпен ауыратын тұлғаларға (ерлер, әйелдер және балаларға) стандарттар талаптары мен диагностикалау және емдеу хаттамаларына сай ерікті және мәжбүрлеп емдеу түрінде стационарлық және амбулаториялық, сондай-ақ күндізгі стационар жағдайында, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында (медициналық айықтырғыш), тәулік бойы алкогольді және есірткілік масаң күйінде сараптау кабинетінде көмек көрсету.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
- медицина саласында жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейін бойынша);
- «Қоғамдық денсаулық сақтау»/ «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;
- денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;
- не экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;
- денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.
КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын білуі керек.
Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпараттық құралдарына (газеттерге) жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №78, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, №331 кабинет, тел.: 87262437619, электрондық почта: uzo_zhambyl@mail.ru. Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
- Мемлкеттік және орыс тілдерінде түйіндеме.
- Еркін нысанда жазылған өмірбаян.
- Білімі туралы құжаттардың көшірмесі.
- Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері.
- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
КОНКУРСТЫҢ ӨТЕТІН КҮНІ: конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
КОНКУРСТЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №78 (331-кабинет).
Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.
Осы бос лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге жеңілдіктер берілмейді.
Басқарма басшысының
міндетін атқарушы Х.Мырзақасымов