Денсаулық байлықтан қымбат. ПБЗ алдын алу
2022 жылдың 26 қаңтар күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Ниазалиева А.А Тараз қаласының Төле би атындағы № 8 гимназия оқушылары арасында «Денсаулық байлықтан қымбат. ПБЗ алдын алу» тақырыбында жоспарға сай дәріс өткізді.Дәрістің мақсаты еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.