«Дұрыс таңдау жасау ешқашан кеш болмайды. ПБЗ мен суицидтің алдын алу»
Тараз қаласы №2 орта мектебі басшылығының ұйымдастыруымен аталған орта мектепте ата-аналарға арналған жиналыс өтті. Жиналысқа жоспарға сәйкес Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Л.Абдрасилова және дәрігер психиатр Д.Оспанова қатысып, мектеп оқушыларының ата-аналарына «Дұрыс таңдау жасау ешқашан кеш болмайды ПБЗ алдын алу» және «Суицидтің алдын алу» тақырыбтарында дәріс оқыды.