Дөңгелек үстелдер «Сен жалғыз емессің. Жастық шақ қуанатын кез»
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр- дәрігерлері мен психолог мамандары Тараз қаласы білім бөліміне қарасты мектеп,колледж және мектеп-интернаттарында оқушылар мен білімгерлер арасында « Сен жалғыз емессің. Жастық шақ қуанатын кез» тақырыбында жоспарға сай дәріс,дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде отбасындағы тәрбие, балалармен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынас туралы пікірлерімен бөлісіп, ой қозғалды. Дәріс барысында оқушыларға денсаулыққа зиян келтірместен стресстен арылудың жолдары туралы ақпарат ұсынылды.