Дөңгелек үстел: «Суицид және отбасылық қарым-қатынастың әсері».
Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментімен «Суицид және отбасылық қарым-қатынастың әсері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог –мамандары О.В. Калашникова, А. Айдарбек қатысты. Адам өмірін құтқару, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің алдын алу, диагностикалық түзету, психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы толық ақпарат берілді. Депрессиядан зардап шегетін немесе оған бейім адамдарға өздеріне назар аудару, өзін-өзі құрметтеу, жақсы нәрселер туралы ойлануға кеңес берілді.