«Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК бас дәрігерін тағайындау
2019 жылдың 11 қаңтары күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында бас дәрігердің тағайындау рәсімі өтті. Жиналысқа Психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері мен денсаулық аақтау басқармасының өкілдері қатысты. Жиын барысында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.С.Жұманқұлов денсаулық сақтау жүйесінде орын алып жатқан жаңашылдықтар, өзгерістер туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, М.Жұманқұлов Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына қатысты өзгерістер туралы айта отырып, жаңа кадрларды тағайындау рәсімін өткізді. Тағайындау барысында орталықтың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жексембиев Жақып Түзелбайұлы Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.