Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына 5 жыл толуына орай өткізілетін облыстық жиналыс.
8 желтоқсан Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына 5 жыл толуына орай арнайы облыстық іс-шара өткізілді.
Жиынға Республикалық ғылыми – тәжірибелік психикалық денсаулық орталығының Бас директоры, медицина ғылымдарының докторы ,профессор Алтынбеков К.С. және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Даулет Байпеисов қатысып,кұттықтау сөзін сөйледі.
Психикалық ауытқулары бар тұлғаларға бақылау жасауды ұйымдастыру, Облыстағы кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтер превенциялары тақырыбында баяндама тыңдалды. Сондай -ақ
психобелсенді заттарға тәуелді тұлғаларды диагностикалаудағы заманауи әдістері, Облыстағы психикалық және тәртіптік бұзылушылықтары бар тұлғалардың науқасқа шалдығу жағдайларына талдау жасау, амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етудің 2023 жылғы 10 айдағы жағдайы туралы бас дәрігердің орынбасарлары баяндады.Баяндамаларды талқылау барысында ұсыныс-пікірлер назарға алынып,алдағы уақытта шешу жолдары қарастырылды.
Жиналыс соңында Орталық қызметкерлеріне медальдар табыс етілді.