Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының 2021 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша жиын өткізілді
2022 жылдың 25 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Әскерұлы Қалиевтің қатысуымен, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының 2021 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша жиын өткізілді. Жиынға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Алимова Ляззат Барлыкбаевна және облыстық денсулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Хамитұлы Ахметбеков қатысты. Жиында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Дүйсенәліұлы Жетібаевтың есебі тыңдалды. Отырыстың қорытындысы бойынша негізгі стратегиялық бағыттарды дамытудағы қызметті одан әрі жақсарту мақсатында егжей-тегжейлі әңгіме болды, орталықтың үйлестіру жұмысын жақсарту мақсатында нақты міндеттер қойылды.