Жамбыл облыстық психикалық орталығындағы жаңашылдықтар
Ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының Аскаров көшесі,277 мекен жайында орналасқан ғимаратында ауқымды жөндеу, ғимарат аймағын тазалау жұмыстарын жүргізу басталды. Жүргізілген жұмыстар барысында 220 ағаш түбірі қопарылып, 40 дана апатты ағаштар санитарлы түрде кесілді. Сонымен қатар, тереңдік сорғылары мен абсадты құбырлар орнатылуымен 4 жерден ұңғыма бұрғыланды. Осы аумақты одан ары материалды-техникалық жабдықтау және аббаттандыру бойынша әлі де ауқымды жоспарлар жүзеге асырылуы барысында периметр бойынша толық жарықтандыру жүргізу, ас блогына пластикалық терезелер орнату, баланстағы жылу трассалардың және ыстық судың құбырларын жертөле жайларының элеваторлық тораптарына дейін ауыстыру, жылыту жүйесінің құбырларын ауыстыру, бөлімшелердегі линолеумдарды ауыстыру, сонымен қатар 8 бөлімшенің серуендеу аулаларына қалқа қоюымен жөндеу жұмыстарын жүргізу, аумаққа жеміс ағаштарын отырғызу жоспарланған.