ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС АУРУЫН ЖҰҚТЫРУДЫҢ ЕКІ ЖАҢА ДЕРЕГІ ТУРАЛЫ
Сәрсенбі, 1 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус ауруының 2 жаңа оқиғасы анықталды.
Ауырғандардың бірі Тараз қаласының 41 жасар тұрғыны. Ол «Қызылорда-Петропавл» пойызында Түркістан облысының тұрғынымен қарым-қатынаста болған. Онымен жақын байланыста болған 8 адам карантиндік стационарға орналастырылып, коронавирусқа талдаулар алынды. Сондай-ақ, бұған дейін Түркістан облысының тұрғынымен байланыста болған «Қызылорда-Петропавл» пойызының 7 жолаушысы анықталып, карантинге алынды. Олардың талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Анықталған екінші науқас Жамбыл ауданының 1991 жылы туған тұрғыны болып табылады. Ол 30 наурыз күні Ресей Федерациясынан өңірге оралған. Тұрғын елге келген соң бекітілген алгоритмге сәйкес карантиндік стационарға жатқызылған. Талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткеннен кейін инфекциялық стационарға ауыстырылды. Екі емделушінің де жағдайы қанағаттанарлық, ауру жеңіл дәрежеде өтуде.
Хаттамаға сәйкес қажетті емдеу шаралары жүргізілуде. Санитарлық-эпидемиялық қызметтер олардың тұрғылықты және барған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.