Жамбыл облысында COVID-19-бен күресіп жатқан 270 медицина қызметкері үстемақыларын алды
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстеме ақы белгілеу туралы шешімді бекітті. Көтермелеу сомасы инфекциялық стационарда әрбір қызметкерге 20 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) көлемі, яғни 850 000 мың теңге, провизорлық стационарда әрбір қызметкерге 10 ЕТЖ, яғни 425 000 теңге және карантиндік стационарда 5 ЕТЖ, яғни 212 500 теңге нақты жұмыс атқарған уақытына төленуі тиіс.
Осы орайда, Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №73 «COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес, наурыз айына нақты жұмыс атқарған уақыты бойынша 270 қызметкерге барлығы 40 100,0 мың теңге үстеме ақы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленді. Оның ішінде 40 дәрігер, 129 орта буын, 89 кіші буын медицина қызметкерлері, 12 жүргізушілер. Атап айтар болсақ, бірінші топтағы инфекциялық стационарда барлығы 28 медициналық қызметкерге 4900,0 мың теңге, екінші тәуекел топтағы провизорлық стационарда 37 медициналық қызметкерге 10900,0 мың теңге, үшінші тәуекел тобының карантиндік стационардағы 205 медициналық қызметкерге 24300,0 мың теңге төленді.