Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментіндегі семинар
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Есірткі, алкоголь, темекі өнімдерін қолданудың зияны мен салдары» тақырыбында семинар өткізілді.
Жиында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы психиатр-нарколог дәрігері З.К. Исакжанов Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамының және өрт сөндіру қызметінің Өрт сөндіру бөлімдерінің офицерлік құрамының қызметкерлері үшін «Психоактивті заттарды қолданудың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.