Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері бос лауазымдарына жарияланған конкурс бойынша ақпарат
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері бос лауазымдарына құжаттар тапсырған тұлғаларды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдау мақсатында 2020 жылғы 3 наурызда конкурстық комиссиясының отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» № 70 бұйрығының 16 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасына, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына, Меркі аудандық орталық ауруханасына конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған екі үміткерден кем болуына байланысты конкурс өтпеді және лауазым бос деп танылды.
Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасының, қалалық көп бейінді ауруханасының, Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерлері бос лауазымдарына орналасуға құжаттарын тапсырған үміткерлер жоқ болғандықтан аталған лауазым бос деп танылды.