Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу.
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының әлеуметтік қызметкері Абдикалыкова А.А. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің білімгерлері арасында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы » ұйымдастырған «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен іс –шараға қатысты. Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғам дерті. Жер бетінде қаншама адамнын өмірін алып жатқан бұл дертке әрбір адамзат қарсы күресіп сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.