Жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік тәуекелдердің алдын алу бойынша семинар.
25 қараша Тараз қаласы, № 2 қалалық емханасының мәжіліс залында Жамбыл облыстық психикалық орталығының, облыстық жастар орталығы және «Зер-Күміс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерімен бірлесе отырып «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицид қауіпінің алдын алу мақсатында семинар өткізілді. Семинарға Тараз қаласы емханаларының, Жамбыл ауданы ауруханаларының психолог мамандары қатысты. Жасөспірімдер арасындағы кез-келген жағдайдағы кауіпті іс-әрекеттің алдын алу бойынша психопрофилактикалық жұмыстарға тоқталып, өз іс-тәжірбиелерімен бөлісті.