Жұмыс кеңесі.
2025 жылдың 2 сәуірінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Ербол Жұмақадырұлы Бақтихожаев пен орталық ауданның ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мақсат Есенұлы Мадимаровтың шақыруымен облыстық психикалық денсаулық орталығы мамандарының жұмыс кездесуі өткізілді.
Е.Ж. Бақтыхожаев мамандарды ҚР-ның 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасымен және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кейбір заңнамалық актілердегі толықтырулар мен өзгерістермен таныстырды.
М.Е. Мадимаров алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, капиталды ұлғайту жөніндегі күмәнді жобаларға қатысудың алдын алу туралы полиция департаментінің көрнекі материалдары таратылды.
Кездесуде облыстық орталық мамандарының: заңгер М. М. Абдрахманованың «Шағымдарды талдау, 2024 жылғы тексеруші органдардың қорытындылары»; персоналды басқару қызметінің басшысы А. А. Бекмурзинаның «Облыстық психикалық денсаулық орталығы мамандарының біліктілік санатының болуын талдау»; ЖИТС мәселелері бойынша жауапты дәрігер Е. И. Лидің «Наркологиялық есепте тұрған тиісті контингенттің (ЛУИН) ЖИТС тестілеумен қамтуды арттыру жөніндегі шаралар туралы» баяндамалары; аудит жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Г. А. Каримова «2025 жылғы 1 тоқсандағы тәулік бойғы стационардың медициналық қызметтерінің сапасына сараптама жүргізуә бойынша есеп берді, ұжыммен талқыланды, кездесу спикерлерімен қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді.
Облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Жетібаев Серік Дүйсенәліұлы медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында жұмыс кездесулердің тәуекелдердің алдын алу және функционалдық міндеттерді тиісінше орындау үшін маңыздылығын атап өтіп, нақты тапсырмалар берді.