Жұмыс сапарымен.
2022 жылдың 3-4 мымыр күндері Қазақстан және Орталық Азияда психикалық денсаулық мәселесі бойынша Дүниежүзілік денсаулық ұйымының ұлттық кеңесшісі Негай Николай Анатольевич, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Алтынбеков Қуаныш Сагатович және «PrimaryHealthCare» ұлттық ассоциациясының президенті Рахыпбеков Толебай Косиябекович облыс тұрғындарына психиатриялық көмек көрсету жағдайын және психикалық денсаулық мәселелері бойынша көмек көрсетуді жақсарту перспективаларын бағалау мақсатында, Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапарының нысаны Облыстық психикалық денсаулық орталығы: психиатриялық және наркологиялық блок бөлімшелері, тренажерді зал, жабдықталған физиокабинет және синтетикалық есірткіні индикациялау бойынша зерттеулерді дамытудың жаңа кезеңін ашатын, токсикохимиялық зертханаға жаңадан сатып алынған “Хроматэк-Кристалл 5000” – газсұйықтық хроматографтың жұмысымен танысты. Ұжыммен психикалық денсаулық қызметін әрі қарай дамытудың өзекті және маңызды мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында № 5 қалалық емхананың бастапқы психикалық денсаулық орталығына және Жамбыл, Мерке аудандардағы психикалық денсаулық кабинеттеріне барды. Ментальді денсаулық мәселелері, психиатриялық қызметтерді БМСК интеграциялау, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының бастамалары, оның ішінде «Жалпыеуропалық психикалық денсаулықты қорғау коалициясы» флагмандық бастамасы бойынша семинар-кеңес өткізілді.