Заманауи жоғарыдәлдікті газды хроматографтарда жасалған синтетикалық (дизайнерлік) есірткілер мен спиртқұрамды заттардың индикациясы.
Табиғи және синтетикалық жолмен өндірілген есірткілік заттардың индикациясы қазіргі заманғы медициналық, аналитикалық және криминалистикалық тәжірибенің түйінді міндеттерінің бірі. Соңгы жылдары «Спайс», «Тұздар» және т.б. атауларымен белгілі болған «дизайнерлік есірткі» деп аталатын есірткілік заттардың саны мен танымалдығы арта түсуде. Сондықтан да жоғарыдәлдікті жабдықтарда өткізілетін заманауи әдістерді енгізудің маңызы өте зор. Есірткілік заттарды қолданатын 7 мыңнан аса тұтынушылары бар біздің облысымызда да бұл түйінді мәселе болып табылады.
Қызметті дамытудың Стратегиялық жоспарын іске асыра отырып, және зертханалық зерттеулер сапасын көтеруді қамтамасыз ету мақсатында, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы, жергілікті атқарушы органдар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен зертханаларды жоғарыділдікті қондырғылармен жабдықтау жұмыстары жүйелі түрде өткізілуде. Осы жұмыстар барысында адамның биологиялық ортада алкоголь пайдалануы мен есірткілік заттарды қолдану фактілер деңгейлерін анықтау әдістеріне ерекше талаптар қойылады. Синтетикалық есірткілердің химиялық құрамының тұрақты түрде өзгеруіне байланысты оларды анықтау қиындай түсіп, оған сезімталдығы өте жоғары әдістемелерді енгізуді қажет етуде. Сондықтан да, саймандық әдістер арасында жоғары сезімталдығы мен селективтігі жоғары қасиетімен ерекше орын алатын газды хроматография әдісі таңдалды.
Нәтижесінде, үстіміздегі жылдың наурыз айының соңында Орталықтың токсико химиялық зертханасына Ресейден екі “Хроматэк – Кристалл 5000” хроматограф алынды, бұл зерттеулерді дамытудың жаңа кезеңіне жол ашады.
Есірткілерді анықтауда бұл хроматографтардың мүмкіндігі өте зор, өйткені әдістеме кез келген есірткіні селективті масса детекторының көмегімен, қолданыстағы заттардың пайызын анықтай отырып, иондарға ыдыратуға бағытталған. Енді біз тіпті синтетикалық есірткілерді де (тұздар, спайстар, амфетиндер) дәл анықтай аламыз: химиялық құрамын тұрақты өзгертіп отыратын өндірушілерге байланысты бұларды анықтау бұрын бізге қиындық тудыратын.
Екінші хроматограф қандағы алкогольдік заттардың қалдық санын анықтауға арналғандықтан мүмкіндігі өте зор. Анықталатын спирт спектрі 4 есеге көтерілді. Енді өндірілетін кез келген спирт пен құрамында спирті бар сұйықтықтар 0,01 мг/л дәлдікпен анықталады.
Бұл шексіз мүмкіндіктері бар, икемді де сенімді приборлар бүгінгі күні талдауды қажет ететін кез келген міндеттерді орындайды және бұрынғымодельдерге қарағанда әлде қайда артықтық жаңа инженерлік техникалық құралдар. Осында жоғары дәлдіктегі приборларды біз Қазақстанның медициналық ұйымдарының арасында бірінші болып алып отырмыз.
Қазіргі уақытта Орталықтың зертханалары Ұлттық аккредиттеу орталығы деңгейінде халықаралық аккредитацияға дайындық үстінде. Бұл оқиға зертханалық және саймандық зерттеулер спектрін кеңейте отырып, халыққа мамандандырылған көмек мкөрсету сапасын арттырады.