Зиянды заттардан бас тарт – өзіңе өмір сыйла!
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер наркологы Кенжалиев Дастан Даулетұлы №6 орта мектебінде «Зиянды заттардан бас тарт – өзіңе өмір сыйла» тақырыбында жоспардағы оқу-дәріс өткізді. Өз дәрісінде дәрігер:Зиянды әдеттерге әдетте темекі тарту, насыбай ату, алкогольді ішімдік ішу, есірткілік заттарды қолдану және тағы да басқа адам өміріне өзіндік қаупі бар әдеттер жатады. Адам ағзасы мен оның психикасы – өмір сүру ортасының өзгеріп жатқан шарттарына ғана бейімделіп қана қоймай, оның қажеттіліктеріне сәйкес оны белсенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін күрделі жүйе. Зиянды әдеттер қоршаған ортаның әсеріне және оның әр түрлі өзгерістеріне дененің дұрыс реакциясын бұзады. Салауатты өмір салтына, адамның бақыты мен игілігіне нашар әдеттерге қарсы кең күрес майданын құру қажет. Бұл күрес жалпыға ортақ, ұзақ, табанды әрі мақсатты болуы тиісдеп өзінің кішкентай тыңдармандарыназиянды әдеттерден аулақ болуларын, спортпен шұғылданып, салаутты өмір салтын ұстану болашақтарының жарқын белесі деп түсіндірді.