Зиянды заттардан бас тарт – өзіңе өмір сыйла!
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Бөлебаева А.А.№18 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС орталығымен бірлесіп «Зиянды заттардан бас тарт – өзіңе өмір сыйла» тақырыбында жоспардағы дөңгелек стол өткізді. Жиын барысында олзиянды әдеттерге әуестіктің себеп салдарының адам өміріне тигізер зияны туралы, салауатты өмір салтын ұстанған адам денінің саулығы мен алдағы болашағын көлеңкесіз өтуіне ықпал ететіне толыққанды түсініктеме беріп өтті.Өз кезегінде ЖИТС орталығының қызметкерлері зиянды әдеттердің арқасында қауіпті дертке шалдығу қаупі орасан зор екенін, қауіпті дерттің алдын алудың бірден бір жолы қандай да бір жаман әдеттерден аулақ болу керектігін айтып өтті.