Командақұру және коммуникативті бейімділіктер
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында «Командақұру және коммуникативті бейімділіктер» тақырыбында медицина қызметкерлері: нарколог,психиатр дәрігерлеріне және психолог мамандарына облыстық семинар өткізілді.Семинардың жұмысын НАО «Астана – медициналық университеті» клиникалық психология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Каражанова А.С. және «Sanasezim» психологиялық көмек көрсету орталығының директоры, психотерапевт Карибаева А.К. жүргізді.
Семинар барысында команданы қалыптастыру –бұл басқарушылық құзіреті мен стратегиялық мақсаттарды жалпы бейнелеуді талап ететін стратегия екені туралы және эмоциональді өртену тақырыбында толық ақпарат берілді.
Командалық білім тек біртұтас ұжым құруға ғана емес, олардың командада жұмыс істеудің жалпы дағдыларын қалыптастыруға және әр қызметкерді бірінші кезекте командалық ойыншы етуге мүмкіндік береді. Команда құруға арналған тренингтер бұл қызметкерлердің кәсіби қызметке деген ынтасын едәуір арттыруға және тұтастай алғанда ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді.Семинар тақырыбы бойынша қатысушылар арасында пікір алмасу болды.