Күйзеліс жасөспірімдер.
Жасөспірім деген сөздің мағынасы өзі латын тілінен аударғанда «ер жету» дегенді білдіреді. Осы кезеңдегі күрделі күйзеліс немесе стресс өмірлік өшпес із қалдырып, тұлғалық қасиеттірдің қалыптасуына әсер етеді. Ата-аналар балаларының стресстік күйлерімен күйзеліс жағдайларына байқампаздықпен қарап мүмкіндігнше себептерімен күресуі қажет. Стресс жасөспірімнің эмоциялық, психикалық және физиологиялық саулығына әсер етіп кей жағдайларда баланың мінез-құлқында девиацияның пайда болуына ықпал етуі мүмкіндігі басым. Ата-анаға баласының бойындағы өзгерістерді байқау қиын емес, стресске ұшыраған жасөспірімдердің көңіл күйлерінің төмендеуі, мінезінің тұйықталуы, агрессивті жауаптардың қылықтардың көбейеді, кенеттен оқуға деген ынтасының жоғалуы, ұмытшақтық, шаршау, ұйқысыздық немесе шамадан тыс ұйқы, тәбетінің жоғарылауы немесе болмауы. Жасөспірімдік күйзелістің басты кемшілік тұсы- зиянды заттарды пайдалануға әкеліп соғуы, шылым шегумен қатар, жат әдеттерге әуестендіруі мүмкін. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген, жақсы сөз бен жылы лебіз адамға әрқашан да емдеу. Жаныңдағы жақындарыңмен достарының, отбасы мүшелерінің қолдауы, күш беретін пікірлері әрбір жанның денсаулығы үшін ауадай қажет. Өзіңе өзің сенімді болсаң, жеңбейтін қиындық жоқ, кез-келген қиындықтан жол табасың, ең бастысы – түймедейді түйедей етіп көрсетуден, асқан кінәмшілдіктен аулақ бол, ешқандай мұңға берілме, өзіңді нық ұстай біл, қандай сәт болсын, қорқыныш сезімін жеңуге білуге тырысу қажет.
Ата-ана күйзеліске түскен жасөспірімдерге сезімдерін ашық айту оңай болмайтынын және өздеріне не болып жатқанын түсінбеуі мүмкін екенін ескеріңіз.Өз-өзіне қол жұмсау жайлы айтса не соған меңзесе, бұған немқұрайлы қарамаңыз. Балаңыз күйзеліске ұшырады деп ойласаңыз бұл — жай мұңаю емес, күрделі жағдай деп ойласаңыз мұны анықтау үшін дәрігердің кеңесіне апарғаныңыз дұрыс.
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында өмірлік қиын жағдайларға байланысты өз еркімен жүгінген адамдарға консультациялық және профилактикалық көмек көрсетіледі. Кеңсе «Аймақтық психикалық денсаулық орталығында» орналасқан және ересек тұрғындарға, студенттер мен кәмілетке толмағандарға көмек көрсетеді. Сонымен, қатар «556776» сенім телефоны дүйсенбі-жұма жұмыс күндері сағат 9:00-17:00 аралығында жұмыс жасайды.