Күрделі науқастың клиникалық талдауы бойынша бейнеконференция.
2022 жылғы 16 қарашада Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының базасында бейнеконференция режимінде Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры К.С. Алтынбековтың жетекшілігімен кафедра профессорларының қатысуымен Тараз қаласында стационарлық емдеудегі ҰБТ бар күрделі пациентке клиникалық талдау жүргізілді.
Бейнеконференция барысында республикалық орталықтың мамандары пациентпен әңгімелесті, медициналық құжаттармен және зертханалық деректермен мұқият танысты.
Материалдарды егжей-тегжейлі зерделеп, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының емдеуші дәрігерлерімен пікір алмасқаннан кейін түпкілікті диагноз қойылды, емдеуді түзету жүргізілді және осы науқасты одан әрі бақылау және жүргізу бойынша ұсыныстар берілді. Бұл тәжірибе болашақта ғылыми орталықтардан жүздеген шақырым қашықтықтағы науқастардың игілігі үшін пайдаланылатын болады.