Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алуды жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі.
2025 жылғы 29 қазанда кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алуды жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. Семинардың спикері Шығыс Еуропа елдерінің Дүниежүзілік психиатриялық қауымдастығының өкілі (10 аймақ)– Негай Н.А.болды.
Тұсаукесерде аутоагрессивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелерінде әлемдік тәжірибенің жаңа ғылыми тәсілдері атап өтілді. Қашықтықтан медициналық көмек көрсету, консультацияларға қолжетімділікті жақсарту, денсаулық жағдайын диагностикалау және бақылау мақсатында жұмысқа енгізу үшін emdeu ai + телемедициналық платформасы ұсынылған.





