Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша оқыту семинары.
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі ҚР Кодексінің 12- бабының 19 тармақшасын басшылыққа ала отырып Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу тақырыбы бойынша 5 күндік оқу өткізілді. Оқуға қалалық және аудандық емханаларының жалпы тәжірбиелік, психиатр дәрігерлері, психолог мамандары; психикалық денсаулық сақтау Орталығының психиатр дәрігерлері қатысты. Оқытуды Психологиялық зертхана меңгерушісі Алиева Жұлдызай Мұратбекқызы және ерлер клиникалық бөлімшесінің меңгерушісі Есимов Наби Болатұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы жүргізді. Оқу барысында кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алудың ең өзекті мәселелері талқыланды. Аутодеструктивті мінез-құлықты диагностикалау және психокоррекциялау мәселелерін қозғап, суицидтік мінез-құлықты жағдайларын төмендету және алдын алу бойынша ұсыныстар білдірді. Оқудан өткен әр қатысушыға Орталықтың бас дәрігері Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев арнайы сертификат табыстап жұмысқа сәттілік тіледі.