«Медицина үздігі -2023».
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының І санатты нарколог дәрігері, №3 наркологиялық бөлім меңгерушісі Керимкулова Рабига Сериковна Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының медицина қызметкерлері күніне орай арнайы ұйымдастырған «Медицина үздігі -2023» облыстық кәсіби байқауына қатысып , «Стационардың үздік дәрігері » номинациясы бойынша белсенділік танытқаны үшін денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Оспанованың Алғыс хатымен марпатталды.
Мұндай шаралар дәрігерлердің кәсіби имиджін қалыптастыру үшін аса маңызды. Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!Орталық қызметкерлері атынан осы мерекені жоғары деңгейде өткізген ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз!