Мейірбикелер күніне орай
Жамбыл облысық психикалық денсаулық орталығында мейірбикелер күніне орай Ұлттық қауымдастығы «PRIMARY HEALTH CARE» президенті медицина ғылымдарының докторы, профессор Т.Рахыпбековтың Алтын дипломын бас дәрігер Серік Дуйсенәліұлы Жетібаев орталықтың мейірбике қызметін атқарушы Киясова Жанат Сейсенбайқызына және Болатова Қарлығаш Асқарқызына табыс етті. Марапат облыс тұрғындарының денсаулығын қорғауға қосқан үлестері, жоғары кәсіби шеберлігі, адалдығы,науқастарға жанашырлығы, денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды насихаттағаны үшін берілді.
Барша ұжымнын атынан шын жүректен құттықтаймыз.Сіздерге бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз.