Медбикелер мерекесі!
Бүгін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында Халықаралық медбикелер күніне орай «ПДО – 2022 жыл – Ең үздік медбике» атты конкурс өтті. Мерекеге арнайы безендірілген залда 6 медбике үздік медбике атану үшін сайысқа түсті, олар: Қойлыбаева Эльмира – 2-ші наркологиялық бөлімшенің медбикесі, Омарбекова Бану – 3-ші психиатриялық бөлімшенің медбикесі, Конзычакова Тахмина – 2-ші психиатриялық бөлімшенің медбикесі, Касымбек Ақбөпе – 4-ші наркологиялық бөлімше медбикесі, Сарыбаева Меруерт – 1-ші наркологиялық бөлімше медбикесі.
Конкурстың құрметті қонағы ретінде «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподақ одағы «РБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы – Момбекова Гульмайра Асановна қатысты, өз сөзінде медбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға жеңіс тіледі.
Әділ-қазы мүшелерін 7-ші психиатриялық бөлімшенің меңгерушісі С.Т.Бурашева төрағалық етті, әділ-қазы мүшелері қатысушыларға әділ бағаларын берді, қатысушы медбикелер өздерінің білімдерін жан-жақты көрсете білді, сайыста қолданушылармен дайындалған әзіл-сықақты көріністер көрсетілді. Психикалық денсаулық орталығының ең үздік медбикесі ретінде 1-ші наркологиялық бөлімшенің медбикесі Сарыбаева Меруерт танылды, Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері С.Д.Жетибаев диплом, естелік сыйлық пен сыйлық сертификатын тапсырды.