Мектептердегі дәрістер: «Есірткі – жан түршігерлік жау, арамза және аяусыз.Есірткі заттарын қолданудың алдын алу».
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігерлері мен психолог мамандары Тараз қаласының білім бөліміне қарасты орта білім беретін мектептер арасында «Есірткі – жан түршігерлік жау, арамза және аяусыз.Есірткі заттарын қолданудың алдын алу» тақырыбында дәріс жұргізді.
Кездесуде оқушыларға зиянды заттарды тұтынудан аулақ болуға шақырып,адам денсауығына тигізер зияны жайлы толық ақпарат берілді.