Мектептердегі дәрістер: «10 қыркүйек Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні.Аутоагрессивті мінез-құлықтың пайда болу себептері және оның алдын-алу».
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-дәрігерлері мен психолог мамандары Тараз қаласының білім бөліміне қарасты орта білім беретін мектептер арасында «10 қыркүйек Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні.Аутоагрессивті мінез-құлықтың пайда болу себептері және оның алдын-алу» тақырыбында дәріс жүргізді.
Профилактикалық жұмыстың басты мақсаты — қазіргі және болашақ жасөспірімдерге мұндай әре¬кеттің дұрыс еместігін және бұл қиын жағдайлардан шығудың жолы емес екенін түсіндіру, сондай-ақ олардың мұндай әрекеттерді жасамауы үшін жағдай жасау.