Наурыз мейрамы.
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында бүкіл ұжыммен Наурызды қарсы алу дәстүрге айналды. Бізге ғасырлар қойнауынан келген бұл мереке жаңарудың, достықтың, махаббат пен құнарлылықтың символы болып табылады. Ол халықаралық мереке ретінде танылғаны кездейсоқ емес.
Барлық сценарий дәстүрлі стильде: наурыз көжедегі жеті түрлі дәндер, қазылар алқасының жеті мүшесі, еліміздің түрлі халықтарының жеті салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, жеті ұлттық тағам түрінде орындалды. Ұжымда 20-дан астам ұлт өкілдері еңбек етеді. Өзбек, қазақ, дүнген, орыс, татар, сыған ұлттарының ұлттық әдет-ғұрыптарының көрсетілуі, көңілді ашатын билері кешке ерекше ажар берді, барлық көрсетілімдерде халықтардың ғасырлық даналығы мен бейбітшілік пен жақсылыққа деген ұмтылысын көрсетті. Ұлттық тағамдардың көрсетілімі ерекше жанданды, олар әзілмен, нақыл сөздермен, частушкалармен және билермен сүйемелденді.
Байқауды қорытындылай келе, бас дәрігер Жетібаев Серік Дүйсенәліұлы: «Біз – біртұтас отбасымыз және адам қай ұлтқа жататынына қарамастан, ол әрқашан бейбіт аспан, амандық, отбасында бақыт және дені сау ақылды ұрпақ тілейді. Біздің мақсаттарымыз да, оларға жетудің жолдары да бір.