Облыстық конференция: «шизофрения. психосоматика: жаңа парадигма».
Жамбыл облысы тұрғындарына психиатриялық көмек сапасын арттыру мақсатында дәрігерлердің біліктілігін үздіксіз арттыруды қамтамасыз ету және ұйымдастыруды дамытудың Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру бойынша, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының базасында 2022 жылдың 8 сәуірінде «Шизофрения. Психосоматика: жаңа парадигма» тақырыбында конференция өткізілді.
Конференцияға арнайы қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласынан атақты психотерапевт, Республикалық медициналық институтының ассистенті А.К.Карибаева шақырылды. Психосоматикалық бұзушылықпен ауыратын пациенттермен психотерапиялық жұмыс жасау тақырыбындағы баяндамасы зор қызығушылық танытты. Сонымен қатар, бас дәрігердің орынбасары И.А.Мамедов, психиатриялық бөлімшелердің меңгерушілері А.О.Каратаева және С.Т.Бурашева, клинико-диагностикалық бөлімшенің меңгерушісі Е.И.Ли, № 2 қалалық емхананың психиатр-наркологы Д.Д.Кенжалиев және басқалар баяндама оқыды.