Психиатриялық стационардағы науқастарды клиникалық талдау.
2022 жылғы 11 қарашада Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында-ҚР психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығының вице-президенті, Қазақ ұлттық медицина университетінің психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасының профессоры. С. Д. Асфендиярова, медицина ғылымдарының докторы Шахметов Белгібай Амангелдіұлы Орталық дәрігерлерімен психиатриялық стационардағы науқастарға клиникалық талдау жүргізді. Өткізілген консилиум нәтижесінде профессор науқастарды емдеу тактикасына толықтырулар мен оларды одан әрі оңалту жөніндегі ұсынымдарды анықтады. Психикалық ауытқулары бар науқастарды басқару мәселелері бойынша жан-жақты әңгіме және пікір алмасу өтті. Дәрігерлер ұжымы өткізілген мастер-класс үшін профессорға алғысын білдірді.