Психикалық белсенді заттардың зардабы және алдын алу
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Намазалиев С.Т Казақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің «ОҢТҮСТІК» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы Республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында «Психикалық белсенді заттардың зардабы және алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Алкоголь ішімдіктеріне үйір болу, темекі тарту, есірткілерді қолдану жағдайларын болдырмау, алдын алу мақсатында жан-жақты ақпарат берілді.