«Психикалық денсаулық орталығында комплаенс-менеджментті дамыту және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу»тақырыбындағы кеңес.
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында «психикалық денсаулық орталығында комплаенс-менеджментті дамыту және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында кеңес өтті. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Жұмақадырұлы Бақтықожаев қатысып, өз баяндамасында мемлекеттік ұйымдағы сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алуда барлық көрсетілетін медициналық қызметтердің регламенттелетін талаптарға сәйкестігінің маңыздылығын атап өтті.Баяндама мазмұнды бейнематериалмен толықтырылды.
Сөз сөйлеушілер халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларды жақсарту үшін ОКО-да комплаенс-менеджментті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осы мақсатта Орталық Штаттары 2023 жылы комплаенс-офицер және ішкі аудит маманымен жасақталды.