Психологиялық кеңес
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының №4-наркологиялық бөлімшесінің психолог маманы Айдарбек Ақтоты емделушілердің ішкі сезімдерімен, күйзеліс, қобалжу, өмірінде туындаған қиын мәселелерден шығу, жаңа өмірге қалыптастыру, бағыттау мақсатында жеке арт-терапиялық , қол-өнер жұмыстарын жүргізіп, психологиялық кеңес берді.
Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы – бұл емдеу ғана емес, сонымен тұлғаның креативті дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек береді. Емделушілер жұмыс барысында ішкі уайымдарын саралап,көңіл күйінің болмай отырғанын ескертті.Әр түрлі түстермен жұмыс жасағаннан кейін көңілді сезімдердің пайда болғанын айтып, өміріндегі мәселелердің шешімің табылатына сенім білдірді және салауатты өмір салтына ұстануға құлшыныстарының артқанын айтты.