Психотерапияның өзекті мәселелері бойынша оқыту тренинг-семинары
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында Жамбыл облысының денсаулық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 2022 жылдың 9 ақпаннан 22 ақпан аралығында, психотерапияның өзекті мәселелері тақырыбында үйретуші семинар-тренинг өткізілді, семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификат берілді. Орталықтың және Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарының дәрігерлері Офлайн режимде оқыса, ал АОА-дың аудандық дәрігер-психиатрлар Онлайн режимде оқыды. Тренингті Нұр-Сұлтан қаласынан шақыртылған психотерапевт А.К.Карибаева өткізді. Бағдарлама практикалық сабақтармен, сюжетті-рөлдік тренингтермен, мәтіндермен ерекшеленді.
Орталықтың бас дәрігері Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев цикл соңында «Адам үнемі өзінің білімін арттырып отыру қажет және де дәрігер оқуды тоқтатқан кезде, өз ісінің шебері болуды тоқтатады» – деп нақты айта аламын деді.
Орталықтың стратегиялық жоспарында тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында, психиатрлар мен наркологтардың барлық бағытта жүйелік білім алуын басты назарға алынған.