Республикалық спартакиадасының «Волейбол» спорт түрі.
«Психикалық денсаулық бойынша заманауи көзқарас» республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияның соңғы күні 5 мамыр күні «Тараз -Арена» спорт кешенінде Қазақстанның барлық аймақтарынан келген медициналық қызметкерлерден тұратын волейбол командалары арасында жарыс өткізілді. Спорттық шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға және спорттың маңыздылығын насихаттау.
Іс-шараның ашылуына Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова,ҚР Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Қуаныш Алтынбеков,Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Жетібаев қатысты.
Тартысты жарыс қорытындысы бойынша командалар арасында жеңімпаздарды және үздік ойыншыларды анықтады.Бірінші орынды Қызылорда облысының командасы, екінші орынды Жамбыл облысы және 3 орынды Солтүстік Қазақстан облысының командасы жеңіп алды.Үздік командалар мен ойыншылар мақтау қағаздарымен,кубоктармен және медальдармен марапатталды.