Республикалық ғылыми–тәжірибелік конференция.
2023 жылғы 4-5 мамыр аралығында Тараз қаласында «Психикалық денсаулық бойынша заманауи көзқарас» «Психикалық және физикалық денсаулықты сақтау мен нығайту» шеберлік сыныбымен республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.Іс – шара «Көне Тараз» этно- мәдени орталығының конференц -залдарында өтті.Конференцияның мақсаты – пациенттерді медициналық – әлеуметтік сауықтыру сапасын жақсарту болып табылады. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының барлық аймақтарының психикалық денсаулық орталықтарынан 200 маман қатысуда.
Екі күнге созылатын конференцияның соңғы кезеңінде,5 мамырда «Тараз -Арена» спорт кешенінде Қазақстанның барлық аймақтарынан келген медициналық қызметкерлерден тұратын волейбол командалары арасында жарыс өткізу жоспарланған.