Республика күні!
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында бас дәрігер Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев 25-қазан Республика күні мерекесімен құттықтап, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасағаны туралы, Мемлекет басшысының ұсынысымен 2022 жылы бұл күнге еліміздегі «ұлттық мереке» мәртебесін беріп бұл Қазақстанның басты мейрамы бостандықты, күш пен әл-ауқатты бейнелейтін мереке екенін атап өтті.
Ұлттық мерке қарсаңында денсаулық саласында көп жылғы еңбегі мен дамуына айрықша үлес қосқан Орталықтың бір топ қызметкерлеріне қалалық мәслихат хатшысының құрмет грамотасы,денсаулық сақтау басқарма басшысының алғыс хаты және орталықтың атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
Сіздерге отбасыларыңызға денсаулық,бақыт, сәтті күндер, зор жеміс тіледі.