Республика күні!
Республика күні – бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты – Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.
Ұлттық мереке қарсаңында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Жетібаев Серік Дуйсенәліұлы Орталықтың қызметкерлерін арнайы құттықтады. Мерекеге орай денсаулық сақтау саласында қажырлы еңбек етіп жүрген бірқатар медицина қызметкерлеріне төс белгі,құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табыс етілді.
Тарихи әрі идеологиялық мән-маңызы зор,тәуелсіз еліміздің ұлық меркесі баршамызға игілік,бақ-дәулет,ырыс-несібе әкелсін!