Сайлау-2019
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Сонымен, Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті, Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, 9 маусымда өткен президент сайлауында кандидаттар келесідей дауыс жинаған: 9 маусымда өткен президент сайлауынан кейін Exit-poll нәтижесі жарияланып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпшілік дауыспен жеңіске жеткені белгілі болды. «Қоғамдық пікір» институты жүргізген сауалнама нәтижесі Тоқаевтың 70,13% дауыс жинағанын көрсетті. Сайлаушылардың 15,39%-і Әміржан Қосановқа, 5,32%-і Дания Еспаеваға, 3,86%-і Жамбыл Ахметбековке, 3,03%-і Төлеутай Рақымбековке, 1,41%-і Амангелді Таспиховқа, ал 0,86%-і Сәді-Бек Түгелге дауыс берген. 9 маусым күні елорда уақытымен 20:00-де еліміздің басым аумағында сайлау учаскелері жабылды. Уақыт белдеуіне байланысты Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері астана уақытымен 21:00-де жұмысын аяқтады. Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге келуінің алдын ала қорытындысын жариялады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметіне сәйкес, сайлаушылардың 77,4 проценті дауыс берген. Айта кетсек, 2015 жылы өткен президент сайлауында өз таңдауын сайлаушылардың 95,22%-і жасаған.