Салауатты өмір салты – бұл сәнді!
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Ниазалиева Айнур Асқарқызы Тараз қаласының №1 мектеп гимназиясында оқушылар арасында «Салауатты өмір салты – бұл сәнді!» тақырыбында жоспарға сай дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруға үлес қосу. Жас ұрпақтың спортты серік етіп, денсаулықтарын нығайта түсуі – бүгінгі күннің басты талабы. Оқушыларға жалпы салауатты өмір салтын қалыптастыру жайында ақпарат айтылып, жан –жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді және ақпараттық танымдық материалдар таратылып, видеоролик көрсетілді.